Өңірлер

"Жұлқылайды да, түріме қарайды": Тобыл өңірінде қасқырға таланған екі адам аман қалды

© AFP 2024 / PATRICK PLEULҚасқыр
Қасқыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2021
Жазылу
Қазіргі кезде аудандық инспекция мамандары елдімекен төңірегін тінтіп, түз тағысын іздеуге кіріскен

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Тобыл өңірі тұрғындарына қасқырдан қауіп төнді. Аймақтағы Меңдіқара ауданына қарасты Ұзынағаш ауылында түз тағысы 2 адамды талаған, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.  

Ауылға кірген қасқыр алдымен 19 жастағы жігітке шабуыл жасаған. Одан кейін сиыр саууға шыққан әйелге тап берген. Екеуінің де аяқ-қолын тістелеп тастаған.

"Секіріп, айырды ұшырып жіберді де мені жерге құлатты. Қолымды шайнай бастады. Жұлқылайды да, түріме қарайды.Тағы тістелеп жұлқылайды да түріме қарайды. Екі қолым мен аяғымды солай жарақттады. Сүйекке зақым келген жоқ. Түнде ауданға барып, дәрі беріп, тікті", – дейді түз тағысына таланған ауыл тұрғыны Бидагүл Елемесова.

Адамға қасқыр шапқанын білген жергілікті тұрғындар жедел көмекке келіп, қасқырды атып өлтірген.

"Ел болып, қасқырды атып алып, ауданға апарып тапсырдық. Оны басқа бөлімшелерде де көрген екен. Бірақ енді қанша қасқыр барын айту қиын. Мүмкін осы бір ғана қасқыр болуы мүмкін", – дейді Қарақоға ауылдық округінің әкімі Тілеуқабыл Дүйсенов.

Солай десек те, тап сол күні ауыл ішінде одан басқа тағы бір көкжалды көргендер бар көрінеді. Енді аудандық инспекция мамандары елдімекен төңірегін тінтіп, түз тағысын іздеуге кірісті.

Оқи отырыңыз: Қазақстанға бір үйір қасқыр жақындап келе жатқаны рас па - министрлік түсініктемесі

Айта кетейік, қазіргі кезде жыртқышқа таланған ауыл адамдарының денсаулығына қауіп жоқ. Медициналық көмек көрсетілген соң, олар үйіне жіберілген.

Жаңалықтар
0