Қоғам

Темір жолдағы жөндеу жұмыстары: пойыз кешіккен жағдайда өтемақы төленеді - ҚТЖ

© Photo : предоставлено пресс-службой КТЖПоезд, прибывший на вокзал
Поезд, прибывший на вокзал - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2021
Жазылу
Жолаушылар пойызы кешіккен жағдайда тасымалдаушы жолаушыға кешіккен әр сағат үшін жол жүру билеті құнының 3 проценті көлемінде айыппұл төлейді

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым — Sputnik. Қазақстанда жолаушылар пойызы темір жолдағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты кешігіп жүруі мүмкін. Бұл жөнінде "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Темір жолды модернизациялау 2021 жылдың сәуірінде басталғаны белгілі болды.

"Ол жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалыс қауіпсіздігін және жылдамдығын арттыруға бағытталған. "ҚТЖ" ҰК" АҚ келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды және жұмыстардың жедел аяқталуы үшін барлық қажетті шара қабылданатынын хабарлайды", - деп хабарлады компанияда.

Баспасөз қызметі атап өткендей, Қазақстан бойынша темір жолдарға біртіндеп жөндеу жүргізіліп келеді. Кешігетін пойыздар кестесі кейінірек жолданатынын айтты.

ҚТЖ мәлімдегендей, белгілі бір учаскеде пойыз жылдамдығы кестедегі жылдамдықтан әлдеқайда төмен болуы мүмкін.

2021 жылы барлығы 580 километр ұзындықтағы темір жолға күрделі жөндеу жүргізіледі деп көзделуде. Жұмыстарды орындау кезінде ауыр типтегі өнімділігі жоғары машиналар қолданылып жатыр: Duomatic түзеуші-соққылаушы машинасы, DGS жол реттегіші, RM қиыршық тас тазалаушы және тағы басқалар.

Жөндеу жұмыстарының басым бөлігі магистральді желінің Қарағанды және Жамбыл бөлімшелеріндегі учаскелерде жүргізіледі, деді ҚТЖ-да.

Жолаушылардың қаражатын қайтарады

Компанияда атап өткендей, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 8 желтоқсанындағы "Теміржол көлігі туралы" заңының 80-бабының 3-тармағына сәйкес, жолаушылар пойызының кешіккені үшін айыппұл төлеу қарастырылған.

"Жолаушылар пойызы кешіккен жағдайда, пойыздың кідіруі немесе кешігуі басқа бір еңсерілмейтін себепке байланысты болғанын дәлелдей алмаса, тасымалдаушы жолаушыға кешіккен әр сағат үшін жол жүру құжаты (билеті) құнының 3% көлемінде айыппұл төлейді", - деді ҚТЖ-да.

Оқи отырыңыз: Қытай шекарасында тұралап қалған вагондарға қатысты ақпарат тарады

Айыппұл құны жол жүру құжатының құнынан аспауы керек. Жолаушылар пойызының кешіккені үшін айыппұл жолаушылар тасымалы ережелеріне сәйкес жолушының өтініші бойынша төленеді.

Өтемақыны алу үшін жолаушы бекеттегі кезекшіге пойыздың кешігіп жатқаны туралы жол жүру құжатына белгі қойғызып алуы керек. Одан кейін жолаушы "ҚТЖ" ҰК" АҚ кез келген кассасына барып, осы құжат пен жеке куәлігін көрсету арқылы заңнамаға сәйкес өзіне тиісті өтемақыны ала алады.

Жаңалықтар
0