Саясат

Қамаудан босатуды сұраған: Назарбаев Лукашенкоға қандай өтініш айтқаны белгілі болды

Назарбаев пен Лукашенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2021
Жазылу
Назарбаев сәуір айында Лукашенкомен телефон арқылы сөйлескенде поляк одағының өкілдерін босатуды сұраған

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Беларусь президентінің баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонт Польшаның сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметті жоққа шығарып, осы елдің үш азаматын босатудың себебін айтты, деп хабарлады РИА Новости.

Айта кетейік, маусымның басында Польшаның сыртқы істер министрлігі Ирена Бернадская, Мария Тишковская мен Анна Панишеваның босатылғаны туралы хабарлады.

Үшеуі де Беларусь азаматы және тіркеуі жоқ поляктар одағының мүшесі болған. Оларды босатқаннан кейін Польшаға алып кеткен. Ал осы елдің сыртқы істер министрлігі одақ мүшелерінің дипломаттар мен консулдық қызметтің бірлескен жұмысы нәтижесінде қамаудан шығарылғанын мәлімдеді. Алайда Беларусь президентінің баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонт осы мәліметті жоққа шығарды.

"Бұл оқиғаның айтылмай отырған бір тұсы бар. Оны басқа адамдар өзінің жетістігі ретінде көрсетпес үшін ашып айту керек. Естеріңізде болса, сәуір айының ортасында Беларусь президенті Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен телефон арқылы сөйлескен. Дәл сол кезде поляктар одағының кейбір мүшелерін босату мәселесі талқыланған болатын. Олар үшін Нұрсұлтан Әбішұлы сөз айтқан. Осыдан кейін тиісті шешім қабылданды", – деді Эйсмонт.

Оның айтуынша, Беларусь президенті осы мәселені тек Нұрсұлтан Назарбаевпен ғана талқылады. Басқа еш жерде сөз болған жоқ.

Бұған дейін Беларусь бас прокуратурасы Брест қаласында кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қатысуымен өткен бұқаралық шарада әскери қылмыскерлерді қаһарман ретінде көрсету әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.

Оқи отырыңыз: Лукашенко: жер шарында Ресей, Беларусь және Қазақстаннан жақын ел жоқ

Сотқа дейінгі тергеу аясында "Поляк мектебі" ЖШҚ-ның екі тең құрылтайшысы қамауға алынды. Осыдан кейін поляк мектебінің жұмысы тоқтатылды. Ал наурыз айында Гродно қаласында заңды түрде тіркелмеген поляктар одағының жетекшісі Анжелика Борис және тағы басқа белсенділер ұсталды. Оларға ұлттық араздық туғызу мен нацизмді ақтау әрекеті бойынша айып тағылды.

Жаңалықтар
0