Қоғам

Божко жаңа қызметке тағайындалды

© Sputnik / Абзал КалиевВладимир Божко
Владимир Божко - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2021
Жазылу
Жеті жыл төтенше жағдайлар министрлігін басқарған Владимир Божко 2016 жылы мәжіліс төрағасының орынбасары болып сайланған еді

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Парламент мәжілісі төрағасының бұрынғы орынбасары Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының құрамына енді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"2021 жылғы 1 маусымнан бастап Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының (КӘАҚҚ РОШ) бақылау кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.

Божко Владимир Карпович 1949 жылы 16 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1971 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, ал 1976 жылы КСРО МҚК жоғары курстарын бітірген. Мамандығы – "Тау-кен жұмыстарын электрофикациялау және автоматизациялау" және "Жедел құрам".

Әр жылдары Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті жүйесінде басшылық қызметтер атқарған. Генерал-лейтенант шені бар.

2007-2014 жылдары Владимир Божко төтенше жағдайлар министрлігін басқарды, ал 2016 жылы мәжіліс төрағасының орынбасары болып сайланды.

Отан алдындағы ерекше еңбегі үшін І дәрежелі "Барыс", ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, КСРО, Қазақстан Республикасы мен шет елдердің 43 медалімен марапатталған.

Оқи отырыңыз: Божко ауыл жастары туралы айтқан сөзін түсіндірді

Айта кетейік, осы айдың басында КӘАҚҚ РОШ бас директоры қызметіне Владимир Беккер тағайындалған болатын. Ол 2019-2020 жылдар аралығында ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Жаңалықтар
0