Ғалымдар ашық түсті шашқа жауапты адам генін репрессивті деп сипаттайды. Ендеше бұл ғаламшардағы ұлттардың араласуы нәтижесінде қара түсті шаштардың гені басым түсіп, шашы табиғатынан сары түсті адамдар саны азайып барады дегенді білдіреді.
Небәрі бірнеше жүз жылдан кейін Жер бетінде сары шашты сұлуларды майшаммен іздесең де таппайтын күн туады. Алайда дүкен сөресінде шашқа арналған бояулар толып тұрған кезде оны кез келген жасанды түске өзгерту мүмкіндігі бола бермек.
Кинематографта табиғи сары шашты актрисалар жетерлік. Олардың қатарында Мэрилин Монро, Шарлиз Тэрон, Скарлетт Йоханссон, Ким Бейсингер, Памела Андерсон сынды өнер иелері бар.
Ақсары актрисалар және олар басты рөлді сомдаған кинолар топтамасын біздің материалдан оқи аласыздар.

"Джентельмендер сары шашты сұлуларды қалайды" фильмі. Басты рөлде – бүкіл әлемге аты танылған Голливуд жұлдызы Мэрилин Монро.

"Дау-дамай" фильмінен кадр. Бұл фильмге бір емес, бірнеше сары шашты актриса түскен: Николь Кидман, Марго Робби, Шарлиз Терон.

"Нағыз блондинка" фильмі. Суретте: кинотуындыға түскен актриса Кэтрин Кинер.

"Эфирдегі блондинка" фильмі. Рөлде – Элизабет Бэнкс.

"Платиналы блондинка" фильмі. Суретте: 1930-жылдардағы танымал жұлдыз - Джин Харлоу.

"Бұрыштағы блондинка" фильмі. Кеңес киносындағы аққұба реңді, сары шашты жұлдыздардың бірі Татьяна Догилева Андрей Мироновпен бірге.

"Ақсары Венера" фильмі, басты рөлде мінсіз Марлен Дитрих ойнады

"Сары шашты бойжеткеннің махаббат хикаялары" фильмі. Басты рөлде - Гана Брейхова.

"Өзге әйел" фильмінде ойнаған актрисалар - Лесли Манн, Кэмерон Диаз, Кейт Аптон.

"Мінезді блондинка" фильмі, басты рөлде Шарлиз Терон ойнайды.

"Заң бұзбайтын блондинка" фильмі және тамаша актриса Риз Уизерспун.

"Амбициялы блондинка" фильмі. Басты рөлде - Джессика Симпсон.
