Сіз осындай ерекше келбетті адамдарды кездестіріп пе едіңіз? Мұндай құбылыс "гетерохомия" деп аталады. Бұрынғы заманда көзінің түсі екі түрлі адамдарды о дүниедегі тіршілікпен байланысы бар деп санап, көзі түрлі-түсті қыз-келіншекті мыстан деп сенген.
Ал біздің заманымызда мұндай адамдар ерекше назарға ие болып, бұл олардың басқалардан өзгеше болудың таптырмас мүмкіндігіне айналып отыр.
Гетерохомия әлем киноолимпін бағындыруға еш кедергі келтірмеген танымал тұлғалар осы сөзге дәлел бола алады. Мұндай жұлдыздардың қатарында Дэвид Боуи, Джейн Сеймур, Деми Мур, Мила Йовович, Кейт Босуорт, Мила Кунис бар.
Ешкімді бей-жай қалдырмайтын елден ерек сұлулық иелері туралы Sputnik фотосынан тамашалаңыз.
© AFP 2024 / Frazer Harrison / Getty ImagesАмерикалық актриса, модель әрі дизайнер Кейт Босуорт өзінің бұл ерекшелігінен ешқашан қысылған емес. Кейттің бір көзінің түсі қоңыр болса, екіншісі – көк. Голливуд жұлдызы басқа актрисаларға қарағанда бұл "ақауды" жасыруға немесе түзетуге тырысқан емес.
1/10
© AFP 2024 / Frazer Harrison / Getty Images
Америкалық актриса, модель әрі дизайнер Кейт Босуорт өзінің бұл ерекшелігінен ешқашан қысылған емес. Кейттің бір көзінің түсі қоңыр болса, екіншісі – көк. Голливуд жұлдызы басқа актрисаларға қарағанда бұл "ақауды" жасыруға немесе түзетуге тырысқан емес.
© AFP 2024 / JEMAL COUNTESSАмерикалық актер Джош Хендерсонның көзі де ерекше: оның бір көзі көк, екіншісі – жасыл. Джош та өз қалпында көпшілікке көрінуді қалайтындардың қатарынан. Сондықтан екі түрлі түстегі көздерінен қысылмайды.
2/10
© AFP 2024 / JEMAL COUNTESS
Америкалық актер Джош Хендерсонның көзі де ерекше: оның бір көзі көк, екіншісі – жасыл. Джош та өз қалпында көпшілікке көрінуді қалайтындардың қатарынан. Сондықтан екі түрлі түстегі көздерінен қысылмайды.
© AFP 2024 / Evan Agostini / Getty Images North AmericaМузыкант Дэвид Боуидің көздерінің түсі екі түрлі: бірі –көк, екіншісі – қоңыр. Айта кету керек, Дэвид Боуи туғанда оның көздерінің түсі бірдей болған. Алайда колледжде оқып жүрген кезде төбелес кезінде алған жарақат салдарынан көздің ішкі қабығы ыдырап, көзінің түсі өзгеріп кеткен. Бұл фактіге қарамастан әлемдік деңгейдегі жұлдыз ғаламшардағы ең сымбатты ер адамдардың тізімінде тұр.
3/10
© AFP 2024 / Evan Agostini / Getty Images North America
Музыкант Дэвид Боуидің көздерінің түсі екі түрлі: бірі –көк, екіншісі – қоңыр. Айта кету керек, Дэвид Боуи туғанда оның көздерінің түсі бірдей болған. Алайда колледжде оқып жүрген кезде төбелес кезінде алған жарақат салдарынан көздің ішкі қабығы ыдырап, көзінің түсі өзгеріп кеткен. Бұл фактіге қарамастан әлемдік деңгейдегі жұлдыз ғаламшардағы ең сымбатты ер адамдардың тізімінде тұр.
© AFP 2024 / Ethan Miller / Getty ImagesБритандық актриса Элис Ив те "түрлі-түсті" көз иесі: бірі – ашық көк, екіншісі – қою жасыл. Гетерохомия бұл актрисаға да шоу-бизнесте үлкен жетістікке жетуге кедергі болған жоқ.
4/10
© AFP 2024 / Ethan Miller / Getty Images
Британдық актриса Элис Ив те "түрлі-түсті" көз иесі: бірі – ашық көк, екіншісі – қою жасыл. Гетерохомия бұл актрисаға да шоу-бизнесте үлкен жетістікке жетуге кедергі болған жоқ.
© AP Photo / Richard Shotwell / InvisionБритандық актриса Джейн Сеймурдың оң көзінің түсі – қоңыр, сол көзінің түсі – жасыл.
5/10
© AP Photo / Richard Shotwell / Invision
Британдық актриса Джейн Сеймурдың оң көзінің түсі – қоңыр, сол көзінің түсі – жасыл.
© AP Photo / Peter KramerАктриса Мила Кунис әлемдегі ең сұлу қыз-келіншектер тізіміне бірнеше рет енген болатын. Голливуд жұлдызының көзіндегі гетерохомия аса қатты байқалмайды. Әйтсе де көздерінің түсінде айырмашылық бар: бірі – сұрғылт-қоңыр, екіншісі – таза сұр. Мила Кунис бұл ерекшелікті жасыру үшін көбіне линза қолданады.
6/10
© AP Photo / Peter Kramer
Актриса Мила Кунис әлемдегі ең сұлу қыз-келіншектер тізіміне бірнеше рет енген болатын. Голливуд жұлдызының көзіндегі гетерохомия аса қатты байқалмайды. Әйтсе де көздерінің түсінде айырмашылық бар: бірі – сұрғылт-қоңыр, екіншісі – таза сұр. Мила Кунис бұл ерекшелікті жасыру үшін көбіне линза қолданады.
© AFP 2024 / Charley Gallay / Getty ImagesБритандық актер әрі музыкант Доминик Шервудтың бір көзінің түсі жартылай қоңыр және жартылай көк. Бұл құбылысты секторлы гетерохомия деп атайды.
7/10
© AFP 2024 / Charley Gallay / Getty Images
Британдық актер әрі музыкант Доминик Шервудтың бір көзінің түсі жартылай қоңыр және жартылай көк. Бұл құбылысты секторлы гетерохомия деп атайды.
© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуРесей кинематографиясындағы ең сұлу актрисалардың бірі Екатерина Гусева да "тылсым" көздердің иесі. Оның бір көзінің түсі сұрғылт-көк, екіншісі жасыл болуы өнер жұлдызының онсыз да әсем көркін одан бетер ерекшелеп тұр. Түсірілім кезінде актриса линза тағуды жөн көреді.
Ресей кинематографиясындағы ең сұлу актрисалардың бірі Екатерина Гусева да "тылсым" көздердің иесі. Оның бір көзінің түсі сұрғылт-көк, екіншісі жасыл болуы өнер жұлдызының онсыз да әсем көркін одан бетер ерекшелеп тұр. Түсірілім кезінде актриса линза тағуды жөн көреді.
© AFP 2024 / ALBERTO PIZZOLIТоп-модель әрі актриса Мила Йововичтің бір көзінің түсі – жасыл болса, екіншісі – көк. Көбіне мистикалық сипаттағы фильмдерге түсетін Миланың сырт келбеті мен болмысына бұл "өзгешелік" жарасып-ақ тұр. Алайда актрисаның фанаттары гетерохомия диагнозы жайлы біле бермейді. Себебі Мила Йовович үнемі көздерінің түсін бірдей етіп көрсететін линза тағып жүреді.
9/10
© AFP 2024 / ALBERTO PIZZOLI
Топ-модель әрі актриса Мила Йововичтің бір көзінің түсі – жасыл болса, екіншісі – көк. Көбіне мистикалық сипаттағы фильмдерге түсетін Миланың сырт келбеті мен болмысына бұл "өзгешелік" жарасып-ақ тұр. Алайда актрисаның фанаттары гетерохомия диагнозы жайлы біле бермейді. Себебі Мила Йовович үнемі көздерінің түсін бірдей етіп көрсететін линза тағып жүреді.
© AFP 2024 / DOMINIQUE FAGETГолливуд жұлдызы Деми Мурдың көздері қоңыр түсті емес екенін білесіз бе? Анығырақ айтсақ, оның оң көзі ғана қоңыр, ал сол көзінің түсі – жасыл. Актриса бұл құпияны фотографтар мен журналистерден барынша жасыруға тырысады. Ол өзінің актриса ретінде мансабын бастаған кезде бұл ерекшелігінен қатты қымсынып, жиі көзге арналған линза тағып жүрген.
10/10
© AFP 2024 / DOMINIQUE FAGET
Голливуд жұлдызы Деми Мурдың көздері қоңыр түсті емес екенін білесіз бе? Анығырақ айтсақ, оның оң көзі ғана қоңыр, ал сол көзінің түсі – жасыл. Актриса бұл құпияны фотографтар мен журналистерден барынша жасыруға тырысады. Ол өзінің актриса ретінде мансабын бастаған кезде бұл ерекшелігінен қатты қымсынып, жиі көзге арналған линза тағып жүрген.