НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым — Sputnik. Грузияда 57 жастағы Галип пен 23 жастағы Кристина бір жылдың ішінде 20 баланың әке-шешесі атанды. Олар суррогат аналардың қызметі үшін 138 000 фунт стерлинг (83 миллион теңге) төлеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Mirror басылымына сілтеме жасап.
Ресейлік Кристина миллионер Галип Өзтүрікпен Грузияда танысқан. Ол – Түркия азаматы. Екеуі қосылғасын көп баланың болғанын армандаған. Кристинаның алты жасар қызы бар. Былтыр Галип екеуі суррогат ананың көмегімен ұлды болды. Баланың есімін Мұстафа деп қойған. Содан ұзаққа созбай, тағы 19 баланың ата-анасы болуға бел буды. Осы жолы да суррогат аналардың қызметіне жүгінді. Бүгінде екеуі 21 баланың әке-шешесі болып отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Көпбалалы отбасы үш қабатты үйде тұрады. 16 бала күтушісі бар. Оларға жыл сайын 67 700 фунт стерлинг кетеді. Ал балаларға апта сайын подгузниктің 20 үлкен қаптамасы кетеді. Оған қоса, балаларға арналған тамақтың 53 қаптамасын сатып алып отырады.
"Жалпы, барлық балаға қажетті заттарға аптасына, шамамен, 5 000-6 000 доллар кетеді. Кей кезде көбірек, кей кезде аздау шығады", - дейді көпбалалы ана.
Оның айтуынша, алты жасар қызы інілері мен сіңлілерімен ойнауды жақсы көреді. Күнде оларға тамақ береді, түнде ертегі оқиды.
Кристинаның өзі болашақта суррогат аналардың көмегіне жүгінбей, баланы өзім көтеріп шығамын дейді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Мен жүктілікті жоспарлап жүрмін. Бірақ дәл қазір емес. Өйткені балаларға қарау керек. Ал жүктілікпен қатар 21 балаға қарау оңай емес. Әрине, қазір көп ұйықтай алмаймын. Бірақ бұл проблема емес. Өйткені көпбалалы отбасы болуды өзіміз шештік", - дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Көпбалалы әке болса, Instagram желісінде үнемі жаңа фотолармен бөлісіп отырады. Оған 213 000 адам жазылған. Бизнесмен туризм, көлік пен қаржы саласында жұмыс істейді. Metro Holding түрік компаниясының негізін қалаған. Қазіргі кезде Грузияда тұрады.