АЛМАТЫ, 7 маусым – Sputnik. Алматы облысының Іле ауданында 3,5 жыл бұрын бес адам қаза тапқан Ан-28 апатына қатысты іс бойынша сот аяқталды. Сот шешімі бойынша East Wing авиакомпаниясының басшысы Василий Масалитин ақталды. Іс барысында сарапшылар ұшақтың белгісіз ұшатын аппаратпен соқтығысқанын анықтаған.
Виталий Масалитин "абайсызда адамдардың өліміне әкеп соқтырған қозғалыс қауіпсіздігі немесе әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзды" және "басқаруға құқығы жоқ адамға әуе кемесін басқаруға рұқсат берді" деп айыпталды. Сотта ол кінәсін мойындамады.
"Сотқа дейінгі тергеу барысында сот сарапшыларының қорытындысындағы қарама-қайшылықтарға байланысты сот талқылауының жан-жақтылығы мен объективтілігі мақсатында кешенді сараптама (медициналық-криминалистикалық, сот-медициналық, көлік-трасологиялық) тағайындалды.
Сарапшылардың пікірінше, "ұшақ ұшу кезінде белгісіз ұшу аппаратымен соқтығысқан, салдарынан ұшқыштар кабинасында саңылау пайда болған және оның артық қысым аймағында соққы толқынын тудыраған. Сарапшылардың пікірінше, сол ұшқыштардың ми шайқалуына әкелген, ол 10 секундтан жарты сағатқа дейін немесе одан да көп уақытта естен танып қалуға әкеледі", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сарапшылардың қорытындысына сүйене отырып, сот Масалитиннің "кінәсі жоқ" деген қорытындыға келді.
Оқи отырыңыз: "Ұшақты атқылаған": үш жыл бұрынғы әуе апатына қатысты жаңа дерек шықты
Осыған байланысты сот қылмыстық іс жүргізу кодексінің 44-бабы 1-бөлігінің 3-тармағына сәйкес анықталмаған адамдарға қатысты қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөліп, өзге адамды қудалау қажеттігі туралы мәселені шешу үшін прокурорға жіберді.
Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстық іс жүргізу заңын өрескел бұзғаны үшін сот Қазақстанның бас прокуратурасына жеке қаулы шығарды.