Денсаулық

Қазақстанда қанша адам вакцина салдырды

© Sputnik / Тимур Батыршин Вакцинация в ТРК Mega Center Alma-Ata
 Вакцинация в ТРК Mega Center Alma-Ata - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2021
Жазылу
Вакцинаның екі бөлігін алғандардың басым көпшілігі Алматы қаласы мен Алматы, Қарағанды облыстарында

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым — Sputnik. Қазақстанда 2021 жылғы 6 маусымдағы мәлімет бойынша  1 179 504 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олар екі компонентті де алды. Екпе алғандарға вакциналау төлқұжаты берілді. Вакцинаның екі дозасын алғандардың басым көпшілігі Алматы, Қарағанды ​​облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында.

Бірінші компонент 2 230 018 адамға салынды.

Естеріңізге салсақ,  мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин денсаулық сақтау министрлігінен вакциналанған адамдар санын дұрыс санауды талап еткен болатын.

Депутаттар министрден вакциналанған деп кімді санауға болатынын нақтылауды сұрады: вакцинаның тек бір дозасын алғандарды ма, жоқ әлде екі дозасын салдырғандарды ма.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қағаз вакциналау паспорты енгізіледі – санитар дәрігердің қаулысы

"Егер бұл екі дозалы вакцина болса, вакциналаудың толық курсын аяқтау үшін міндетті түрде екі вакцина салдыру қажет", - деп жауап берді Цой.

Жаңалықтар
0