Қоғам

Тауық етінен құрт шықты: желіде Жаркентте түсірілген видео талқыланып жатыр

© Photo : СС0 / Jan Vašek Курятина
Курятина - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2021
Жазылу
Санэпидемиолог мамандар азық-түлікті тек заңдастырылған сауда орындарынан сатып алуға кеңес береді

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым - Sputnik. Жаркент қаласында базардан сатып алынған тауықтан құрт табылды. Жағдайға санитарлық эпидемиологтар араласты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ВЖаркенте | Zharkent | Jarkent (@vjarkente)

Әлеуметтік желіде тауық грилінен табылған құрттар жайлы видео тарады. Видеодан тауық етінің ішінде ақ және сары құрттар қаптап жатқанын көруге болады. Автор видео астындағы жазбаға тауықты қаладағы базарлардың бірінен сатып алғанын айтады.

"Бұл гриль. Ішінде құрт бар. Жаркенттен сатып алынған. Ақуызды ұнататындар сатып ала алады. Жаркентте құрттармен сатады", - дейді.

Желіде шу тудырған видеоға қатысты өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі тексеріс бастағанын айтты.

"Панфилов аудандық санитарлық-эпидемиялық бақылау бөлімі жазбаға қатысты жағдайды бақылауға алды. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті шаралар қолданылады. Егер мұндай факті анықталған жағдайда, дүкеннің мекенжайын, атауын және өзіңіздің байланыс деректеріңізді көрсету қажет", - деп хабарлады Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі.

Оқи отырыңыз: Бетпердеде "құрттар" қайдан жүр – мамандар себебін түсіндірді

Мамандар азаматтарға азық-түлікті тек заңдастырылған сауда орындарынан сатып алуға кеңес береді. Азық-түліктің түріне, оны дайындау, жеткізу және сақтау шарттарына, қызметкерлердің арнайы киімдеріне назар аударып, сатушылардан түбіртек талап ету қажеттілігін айтады.

Сонымен қатар аудандық әкімдік Жаркенттің орталық базарында грильде тауық сататын сегіз орын бар екенін хабарлады. Олардың әрқайсысының санитарлық жағдайы тексеріледі, деп хабарлады санитарлық қызмет.

Жаңалықтар
0