НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым — Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан 20 адам, пневмониядан 1 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Бір тәулікте 1 189 адамның коронавирус жұқтырғаны және 114 адамның пневмонияға шалдыққаны анықталды.
5 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 689 адам коронавирус инфекциясынан ( 23 867 КВИ+ және 822 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 684 пациент стационарда, 16 005 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 565 адамның жағдайы ауыр,
- 114 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 75 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.