Қоғам

"Ол тұлға болатын": Назарбаев Манура Ахметованың отбасына көңіл айтты

CC0 / Paul O'Rear / Көзілдірік пен қаламсап және жазу үстелі
Көзілдірік пен қаламсап және жазу үстелі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Назарбаев марқұм Ахметованың елдің өсіп, өркендеуіне, әсіресе әлеуметтік саланың, мәдениет пен өнердің, білім мен ағартудың дамуына үлкен үлес қосқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев әйгілі мемлекет және қоғам қайраткері Манура Ахметованың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды elbasy.kz сайты.

"Манура Мерғалиқызы өзінің ерекше талабы мен мақсаткерлігі, қарымды қабілеті мен қажырлы еңбегі арқылы кезінде қазақ әйелдері арасынан министрлік лауазымға дейін көтерілген, Қазақ КСР министрлер кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған қайраткер тұлға болатын. Ол еліміздің өсіп-өркендеуіне, әсіресе әлеуметтік саланың, мәдениет пен өнердің, білім беру мен ағарту ісінің дамуына көп еңбек сіңірді", – делінген ақпаратта.

Назарбаев Манура Ахметованың елдің өркендеуіне, әсіресе әлеуметтік саланың, мәдениет пен өнердің, білім мен ағартудың дамуына үлкен үлес қосқанын атап өтті.

Елбасы Манура Ахметованың өмірі әрдайым болашақ ұрпаққа үлгі болатынына сенім білдірді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ақтоты Райымқұлова (@aktotyraiymkulova)

Манура Ахметова өзінің еңбек жолында Қазақ КСР министрлер кеңесі төрағасының орынбасары, мемлекеттік мәдениет комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы президенті мен министрлер кабинеті кеңсесінің ішкі саясат бөлімінің бастығы, міндетті медициналық сақтандыру қоры вице-президент, Қазақстан әйелдер одағының төрағасы, Орталық Азия елдері халықаралық әйелдер комитетінің тең төрағасы, Қазақ КСР жоғарғы кеңесінің X-XI шақырылым депутаты (1980-1990 жж.) сияқты сан түрлі лауазымдарды қызмет етті.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Аманжол Қошановтың отбасына көңіл айтты

Айта кетейік, 5 маусымда мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі 83 жасқа қараған шағында Манура Ахметованың қайтыс болғанын хабарлады.

Марқұммен қоштасу рәсімі Алматыда өтеді.

Жаңалықтар
0