Қоғам

Алматының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

© Sputnik / Абзал КалиевҚолын вирусқа қарсы өңдеп тұрған адам
Қолын вирусқа қарсы өңдеп тұрған адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2021
Жазылу
8 маусымнан бастап күшіне енетін құжатта әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийлері қоса берілген

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері қаладағы шектеу шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаулыға сәйкес, аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен мекеме басшылары сары аймақ аясында Ashyq жобасына қатыспайтын әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысына шектеулер мен рұқсаттардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыны бекітті

Қаулы 8 маусымда, яғни қала "сары" аймаққа кіргеннен кейін 7 күннен соң күшіне енеді. Құжатта әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийлері қоса беріледі.

Мәтіннің толық нұсқасымен мына сілтемеге өтіп танысуға болады.

Жаңалықтар
0