Оқиға

Көлікте отырған 2 әйел тірідей жанып кетті: желіде оқиғаның видеосы жарияланды

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуГорящий автомобиль, архивное фото
Горящий автомобиль, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2021
Жазылу
Жанып жатқандарға бірінші болып көмек қолын созған ер адам ешбір көліктің тоқтамағанын айтып кейістік білдірді

ТАЛДЫҚОРҒАН, 5 маусым — Sputnik. Желіде Алматы-Қорғас  тас жолында көліктің отқа оранған сәті регистраторға түсіп қалған видео жарияланды.

Өрттен көлік ішінде отырған екі әйел көз жұмды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Видеодан көліктің кенеттен жол шетіне тоқтап, алдымен бірінші есігі, содан кейін екінші есігінің ашылғанын көруге болады. Отқа оранған көліктен ер адам атып шығады, осы уақытта жалын көзді ашып жұмғанша толықтай машинаны шарпиды. Артта келе жатқан жүргізуші өрт сөндіретін құралын ұстап, лаулап жанып жатқан көлікке жүгіреді. Бірақ өртті сөндіре алмайды, жалын одан бетер өршиді.

"Мен көмектесуге тырыстым. Кірпігім мен шашым күйіп қалды, - дейді оқиға куәгері. – Мені адамдардың тоқтап, камераға түсіріп жатқаны, бірақ ешқайсысының көмекке ұмтылмағаны қынжылтты. Егер көлік жарылса, өзім де зардап шегуім мүмкін екенін түсіндім, бірақ ол екінші орынға ысырылды. Мен айқайды... шарасыздық пен дәрменсіздіктің айқайын естідім".

Қайғылы оқиға 3 маусымда Еңбекшіқазақ ауданында Алматы-Қорғас  тас жолының 82-ші шақырымында болды. Көліктен өрт шығып, екі әйел қаза болды.

Өрттің шығу себебі мен оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0