НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Демалыс күндері Қазақстан аумағында ауа райы бұзылады, деп болжады Қазгидромет мамандары.
Синоптиктердің мәліметінше, Скандинавия аймақтарынан келетін антициклон еліміздің солтүстігінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне алып келеді.
"Түнде 2-7 градусқа дейін жылы болады, кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-20 градус жылы болады", - делінген хабарламада.
Ал оңтүстікте биік жотаның және Түркіменстаннан келетін жылы ауа массасы әсерінен құрғақ және ыстық ауа райы сақталады.
Оқи отырыңыз: Маусымда ауа райы қандай болады