Өңірлер

Сәбиді қинап массаж жасаған маңғыстаулық әйелдің әрекеті жұрттың ашуын келтірді – видео

© Photo : СС0 / Josef PichlerМладенец
Младенец - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2021
Жазылу
Маңғыстау облысында сәбиді қинап массаж жасаған әйел тексеріледі

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысында шынашақтай сәбиді шырқыратып жылатып массаж жасаған әйелге қатысты тексеру басталды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Буыны қатпаған баланы жұлқыған маман қазір жұмысын уақытша тоқтатқан. Ал  жұрттың ашуын туғызған массаж жасаушыға сәбидің ата-анасы дән риза. 

"Массаж жасаған апаға рахмет айтамын. Оған қояр арыз-талабым жоқ. Үшінші курсын аяқтадық. Дәрігерлер кеше тексеріп кетті", - дейді әйел.

Бейнеу ауданындағы сұлулық салонының бірінде болған оқиға әлеуметтік желіде көпшілік наразылығын тудырды. Арнайы медициналық халаты, не бетпердесі жоқ әйел тоғыз айлық сәбидің ішін басып, аяқ қолын жан-жаққа тартып массаж жасауда. Тіпті жан дауысы шығып шырқырап жылағанына да мән берер емес.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда шала туған сәбилерге қандай күтім жасалады – видео

Баланың мойнынан ұстап бір-екі рет сілкілеп те алады. Соған қарамастан сәбидің анасы массаж жасаушыға «еш кінә артпаймын» деп отыр. Себебі: бала неврологиялық аурумен ауырады екен. Сол үшін арнайы массаж курсын қабылдауы қажет дейді. Полиция департаменті массаж жасайтын әйелдің біліктілігі мен арнайы сертификаты бар-жоғын анықтау үшін толық ақпарат жинап, медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне жолдады.

Жаңалықтар
0