НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Қытайда жолаушылар пойызы теміржолда тоғыз жұмысшыны қағып кетті, деп хабарлайды РИА Новости.
Оқиға Ганьсу провинциясының Цзиньчан уезі аумағында болды.
Жолаушылар пойызы теміржолдағы жұмысшыларды қағып кеткен, алдын ала мәліметке сәйкес, тоғыз адам көз жұмды.
Төтенше жағдайдың мән-жайы әзірге белгісіз.
Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, ТЖ себептері анықталуда.
Басылым ақпаратынша, пойыз Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданының әкімшілік орталығы – Үрімші қаласынан Ханчжоуға (Чжэцзян провинциясы) бет алған.