Әлем

Қырғыз президентінің кортежіне көлік соғылды: қаза тапқандар бар

© Photo : Пресс-служба президента КР / Султан ДосалиевҚырғыз президентінің кортежіне көлік соғылды
Қырғыз президентінің кортежіне көлік соғылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2021
Жазылу
Президент кортежіне ілесіп жүруге міндеттелген автокөліктердің бірі ауыл маңында қарсы бағытқа шығып кеткен жеңіл көлікпен соқтығысқан

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Ыстықкөл облысында Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың көлік кортежі апатқа ұшырады. Салдарынан ұлттық қауіпсіздік комитетінің 9-бөлім қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Кой-Таш ауылында - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2019
Саясат
Екі күндік операция: Атамбаев қалай ұсталды?
Бұл туралы Қырғыз президентінің баспасөз қызметі арнайы ақпарат таратты.

Президент кортежіне ілесіп жүруге міндеттелген автокөліктердің бірі ауыл маңында қарсы бағытқа шығып кеткен жеңіл көлікпен соқтығысқан.

Президент баспасөз қызметінің дерегінше, қарсы жолаққа шыққан көліктің жүргізушісі мас болған.

Жол апаты салдарынан үш адам жарақат алып, мемлекеттік күзет қызметінің (МҚҚ) қызметкері қайтыс болды.

Ақпаратта президент Жапаровтың өміріне ешқандай қауіп төнбегені айтылған.

Жаңалықтар
0