НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда 1 319 адамда коронавирусқа тапсырған ПТР-тест оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Оның ішінде:
- Қарағанды облысы - 254
- Нұр-Сұлтан қаласы - 222
- Алматы қаласы - 184
- Шығыс Қазақстан облысы - 90
- Батыс Қазақстан облысы - 89
- Ақмола облысы - 75
- Атырау облысы - 64
- Павлодар облысы - 61
- Алматы облысы - 53
- Шымкент қаласы - 46
- Маңғыстау облысы - 44
- Қостанай облысы - 38
- Ақтөбе облысы - 27
- Жамбыл облысы - 23
- Солтүстік Қазақстан облысы - 20
- Түркістан облысы - 20
- Қызылорда облысы - 9
Еске салайық, Қазақстанда коронавирустың салдарынан 4 мыңнан астам адам қайтыс болды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 7 мыңнан астам бала коронавируспен ауырды
Қазақстанда вакциналау науқаны биыл 1 ақпанда басталды. Бүгінде азаматтар отандық QazVac, "Спутник V", Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары арасында таңдау жасай алады.