Саясат

Назарбаев бірқатар ауыс-түйіс жасады

© Sputnik / Фотохост-агентство / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2021
Жазылу
Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Елбасы сайты.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2021
Қоғам
Назарбаев өзіне тағы бір ескерткіш қоюға қатысты пікір білдірді
Назарбаевтың шешімімен Әділ Тұрсынов тұңғыш президенттің көмекшісі – Елбасы кеңсесінің ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Бұған дейін ол тұңғыш президент кеңесшісі – Елбасы кеңсесі ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болды.

Нұрлан Қаймолдаев Қазақстанның тұңғыш президенті  – Елбасы кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Мұның алдында құжаттамалық, қаржылық және кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Айдос Үкібай Елбасының кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Назарбаевтың баспасөз хатшысы болып қызмет етті.

"Аталған тұлғалар бұрынғы атқарған қызметтерінен босатылды", - делінген хабарламада.

Жаңалықтар
0