НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Самокат мінген қызды жүк көлігі қағып кетті. Оқиға Алматының Алатау ауданында болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
© Sputnik / СтрингерЖүргізуші қиядан төмен қарай самокатпен түскен қызды тым кеш байқаған
Жүргізуші қиядан төмен қарай самокатпен түскен қызды тым кеш байқаған
© Sputnik / Стрингер
Қайғылы оқиға Алатау ауданындағы Ақсу көшесінің бойында болған.
Куәгерлер мен жүргізушінің айтуынша, Jac жүк көлігі Ақсу көшесімен батыс бағытқа қарай келе жатқан. Қиядан төмен қарай самокатпен түскен қызды жүргізуші тым кеш байқаған. Алайда, тоқтауға тырысқан әрекеті нәтижесіз болып, бүдіршінді басып өткен.
© Sputnik / СтрингерЖүргізушінің тоқтауға тырысқан әрекеті нәтижесіз болып, бүдіршінді басып өткен
Жүргізушінің тоқтауға тырысқан әрекеті нәтижесіз болып, бүдіршінді басып өткен
© Sputnik / Стрингер
2013 жылы туған қыз жарақат салдарынан жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі кезде полиция қызметкерлері, тергеушілер мен криминалистер оқиға орнында тиісті жұмыстар жүргізуде.