Оқиға

Алматыда Сайран көліне батып қайтыс болған адам туралы ақпарат шықты

© Photo : ДЧС АлматыСайран көлі
Сайран көлі - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2021
Жазылу
Алматы қалалық полициясы Сайран көлінде бірінші маусымда батып кеткен ер адамның кім екенін хабарлады

АЛМАТЫ, 4 маусым – Spiutnik. Алматы полиция департаменті Сайран көлінде қайтыс болған ер адам туралы ақпарат таратты. Департамент мәліметіне сәйкес, оның жеке басы оқиға болған күннің ертеңінде анықталған.

43 жастағы алматылық азамат психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғаны белгілі болды.

Куәгерлердің айтуынша, ол мас күйде болған. Алдымен ер адам қатты дауыстап ән айтқан, сол үшін оны қоғамдық көліктен түсірген. Содан кейін көлді жағалай жүгіре бастаған.

"Бір кезде ер адам суға секіріп, тыйым салынған аймақта жүзген. Бір тәуліктен соң оның денесін құтқарушылар іздеп тапты. Өзімен бірге құжаттары болмаған. Жеке басы таңға жуық анықталды", – деп хабарлады полиция өкілдері.

Айта кетейік, ер адам бірінші маусымда қайтыс болды. Ол тыйым салынған белгілерге қарамастан Сайран көліне шомылуға барып, батып кеткен.

Оқи отырыңыз: Балаларды құтқармақ болған: Есіл ауданында селфидің соңы қайғылы аяқталды

Жаңалықтар
0