Оқиға

Хакерлер Семейдегі медицина университетінің сайтына шабуыл жасады

© Photo : Pixabay / StartupStockPhotosПрограммист за компьютером
Программист за компьютером - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2021
Жазылу
Тест тапсырмаларының жауаптарын үшінші курс студенттеріне сатқан. Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым — Sputnik. Семейдегі медициналық университетте белгісіз біреулер қауіпсіздік жүйесін бұзып, тест тапсырмаларының жауаптарын заңсыз түрде қолды еткен, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.

ЖОО жүйесі 15-17 мамырда бұзылған. Ақпараттық жүйеге кіру үшін 20-ға жуық ІР-мекенжай қолданылған.

Тест жауаптарын үшінші курс студенттеріне сатқаны белгілі болды.

"Үшінші курс студенттерінің суммативті емтихандарының нәтижелеріне жүргізілген талдау білім алушылардың 40-70%-і түрлі пән бойынша тест тапсырмаларын "үздік" тапсырғанын көрсетті", - деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметі.

Емтихан нәтижесі жоққа шығарылып, ЖОО әкімшілігі суммативті емтиханды қайта өткізу туралы шешім қабылдады.

"Білім сапасы, кәсіби біліктілік, қабылданатын шешімге адамдардың өмірі мен денсаулығы тәуелді екені белгілі. Осыған байланысты студенттер болған оқиғаның маңыздылығы мен жоғарғы оқу орнында осы факті бойынша қабылданған шешімге түсіністік танытады деп үміттенеміз", - деп түсіндірді медициналық университетте.

Бұл іске Семей полициясы кірісті. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыстық кодекстің 205-бабы "Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе телекоммуникациялар желісіне құқыққа сыйымсыз қол жеткізу" бойынша тергеу бастады. Бұл бап бойынша 40 тәулікке дейін қамауға алу немесе 160 айлық есептік көрсеткішке дейін – 466 720 теңге (шамамен 1 050 доллар) айыппұл төлеу қарастырылған.

Ал "Жалпы медицина" үшінші курсының студенттері Facebook  әлеуметтік желісінде пост жазып, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке үндеу жолдады.

Оқи отырыңыз: Мамандар Нұр-Сұлтандағы киберқауіпсіздік жаттығуына қатысты пікір білдірді

Студенттер барлық емтихан нәтижесін жоққа шығарған дұрыс емес деп санайды. Себебі жүйені тек бірнеше адам бұзды және бұл алаяқтыққа барлық студент бірдей қатысқан жоқ.

"Осыған байланысты біздің жаң айқайымызға құлақ асуыңызды сұраймыз. Қазір біздің емтиханды қайта тапсыратын күшіміз жоқ. Себебі біз барлығын тапсырып қойдық. Студенттер физикалық та, психологиялық та тұрғыдан қалжырады", - деп жазды пост авторы Алмагүл Шаяхмет.

Бірнеше жыл бұрын KazHackMe қазақстандық хакерлер тобы қазақстандық университеттердің сайттарына шабуыл жасады. Олар Алматы энергетика және байланыс университетінің, Қарағанды мемлекеттік университетінің және Қазақстан инженерлік-техникалық институтының сайттарын бұзды. Хакерлер бұл қылмыстары туралы өз блогтарына жазған.

Жаңалықтар
0