НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Қазгидромет жұма, 4 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің айтуынша, ертең республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды ауа ағымының әсерінен ауа райы тұрақсыз болады.
Республиканың орталығында қатты жаңбыр жауады. Кей өңірлерде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады деп болжанды.
Он өңірде дабылды ескерту жарияланды
Павлодар облысында – найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында да күн күркіреп, бұршақ жауады. Күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола облысында да нақ осындай қолайсыз ауа райы қалыптасады.
Атырау облысында ауа райы күндіз 36 градусқа дейін жеткенімен, кей жерлерде найзағай ойнайды.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соққан жел таңертең және күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен солтүстік-батысқа қарай ойысады.
Түркістан облысында найзағай ойнайды. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл көтеріліп, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жауады. Ауа температурасы 35 градус шамасында болады.
Қостанай облысында да күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды. Бұршақ аралас жаңбырдан кейін соққан жел секундына 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл көтеріледі. 4-6 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғып, солтүстік-шығысқа қарай ойысады. Кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні секундына 25 метрге жетеді.
Мегаполистердегі ауа райы
- Нұр-Сұлтанда түнде ауа райы бұлтты, найзағай ойнауы мүмкін. Түнде ауа температурасы +8, +10 градус, ал күндіз +18, +20 градус болады.
- Алматыда күн бұлтты. Түнде +29, +21, ал күндіз +20, +22 градус болады.
- Шымкентте түнде найзағай ойнайды. Түнде +18, +20, күндіз +35, +37 ыстық болады.