Қоғам

Алматыда екі көлік соқтығысты – фото

© Sputnik / СтрингерДТП с участием двух автомобилей такси
ДТП с участием двух автомобилей такси - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2021
Жазылу
Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам, оның ішінде екі бала жарақат алды

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым - Sputnik. Алматыда Солтүстік айналма бойында екі "Яндекс.Такси" автокөлігі соқтығысты.

Куәгерлердің айтуынша, ZAZ Chance көлігі Солтүстік айналма бойымен батысқа қарай келе жатқан. Жүргізуші Зайсан мен Постышев көшелерінің арасында бұрылуға шешім қабылдап, ешкім кедергі жасамайтындығына көз жеткізбестен қозғала бастайды.

© Sputnik / СтрингерАлматыда Солтүстік айналма бойында екі "Яндекс.Такси" автокөлігі соқтығысты
Алматыда екі көлік соқтығысты – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2021
Алматыда Солтүстік айналма бойында екі "Яндекс.Такси" автокөлігі соқтығысты

Осы уақытта "Яндекс.Такси" сервисінің Suzuki SX4 мини-кроссовері Солтүстік айналма бойымен шығыс бағытта кетіп бара жатқан. Жүргізуші бұрылып үлгермей, салдарынан екі көлік соқтығысты.

Күшті соққының әсерінен ZAZ Chance 180 градусқа бұрылып, жолдың қарсы бетіне шығып кетті.

© Sputnik / СтрингерЗардап шеккендер арасында екі бала бар
Алматыда екі көлік соқтығысты – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2021
Зардап шеккендер арасында екі бала бар

Осы жол апатының салдарынан алты адам зардап шекті. Атап айтсақ, ZAZ Chance автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы (күйеуі мен әйелі).  Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді, олар ауруханаға барудан бас тартты. Suzuki SX4 көлігіндегі жүргізуші, жолаушы және 2006, 2007 жылы туған екі бала жарақат алып, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Павлодар тас жолында жүк көлігі аударылып қалды - видео

Жол полициясының қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеді.

Жаңалықтар
0