Қоғам

Бастығын атып өлтірген: Талдықорғанда әскери қызметшіге сот үкімі шықты

© Sputnik / Табылды КадырбековӘскерилер, архивтегі суретих
Әскерилер, архивтегі суретих  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2021
Жазылу
Кісі өлімімен аяқталған қанды оқиға 2019 жылдың желтоқсан айында Талдықорғандағы сауда орталығының алдында болған

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Мамандандырылған ауданаралық әскери соты бастығын өлтірді деп айыпталған әскери қызметшіге үкім шығарды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Талдықорған қаласында жүргізілген тергеп, тексеру нәтижесінде 2019 жылдың желтоқсан айында капитан И. 16-калибрлі мылтықпен өзіне жақын маңда тұрған бастығы майор Д-ны атып жіберген.

Жәбірленуші алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қайтыс болған. Кейін сотталушы қылмысын жасыру мақсатымен қаруды өзенге лақтырған.

"Әскери сот капитан И-ді Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) және 287-баптың 2-бөлігі (атыс қаруын сақтау мен алып жүру) бойынша кінәлі деп таныды", – делінген хабарламада.

Сот капитан И-ді қауіпсіздігі барынша күшейтілген қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 12 жыл бойы жазасын өтеуге үкім шығарды.

Оқи отырыңыз: Әйелін атып, немересін жаралады: Солтүстік Қазақстандағы трагедияның мән-жайы

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар
0