Оқиға

Нұр-Сұлтан маңында үш тонна жанармай жолға төгілді – фото

© Photo : департамент полиции Акмолинской областиЖол үстіне 3 тонна жанармай төгілді
Жол үстіне 3 тонна жанармай төгілді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2021
Жазылу
От тұтану қаупі болғандықтан Аршалы ауданының тәртіп сақшылары өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенге дейін тас жолды жауап тастады

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Жүк көлігінің цистернасында саңлау пайда болғандықтан, Екатеринбург-Алматы тас жолында 3 тонна жанармай жолға төгілді, деп хабарлайды Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ресми мәліметке сәйкес, оқыс жағдай Жібек жолы кентінің маңында болған. Астанаға бет алған жүк көлігіне 7 тонна жанармай құйылған екен.

"Техникалық ақауға байланысты DAF жүк көлігінің цистернасында саңлау пайда болып, шамамен үш тонна жанармай жолға төгілді. От тұтану қаупі болғандықтан Аршалы ауданының тәртіп сақшылары өрт сөндірушілер келгенге дейін тас жолды жауап тастады", – дейді полицейлер.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жанармай төгілген жерге алдымен су, одан кейін құм шашты. Ал жүк көлігінің жүргізушісі Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 630-бабы, 1-тармағы бойынша (жолдарды, темiржол өтпелерi мен басқа да жол құрылыстарын бүлдiру) жауапқа тартылды.

Оқи отырыңыз: Жанармай бекетінде бензинді аз құяды – жүргізуші не істеуі керек?

Жаңалықтар
0