https://sputnik.kz/20210601/qytaylyq-CoronaVac-vaktsinasy-17211854.html
Қазақстанға қытайлық CoronaVac вакцинасы жеткізілді
Қазақстанға қытайлық CoronaVac вакцинасы жеткізілді
Sputnik Қазақстан
Жақын арада екпе салу пункттеріне қытайлық CoronaVac вакцинасы жеткізіледі. Осылайша қазақстандықтар QazVac, "Спутник V" пен Hayat-Vax-қа қоса коронавирусқа... 01.06.2021, Sputnik Қазақстан
2021-06-01T08:52+0500
2021-06-01T08:52+0500
2022-02-01T13:05+0500
https://sputnik.kz/img/07e5/06/01/17211515_0:189:1920:1274_1920x0_80_0_0_e0f52542152be4bd9696d9a9a3085eff.jpg
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/01/17211515_0:72:1920:1279_1920x0_80_0_0_ea1f69c9e2d580aac5627ceebd8db3e6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Қазақстанға қытайлық CoronaVac вакцинасы жеткізілді
08:52 01.06.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Жақын арада екпе салу пункттеріне қытайлық CoronaVac вакцинасы жеткізіледі. Осылайша қазақстандықтар QazVac, "Спутник V" пен Hayat-Vax-қа қоса коронавирусқа қарсы тағы бір екпені салдыртуға мүмкіндік алады
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым — Sputnik. Бүгін таңертең Алматы қаласына коронавирусқа қарсы қытайлық CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Sinovac Biotech Ltd компаниясы шығарған вакцина Қытайдан арнайы бортпен жеткізілді. Алғашқы партияда 500 мың доза бар. Бұл Қазақстандағы коронавирусқа қарсы төртінші вакцина болады. Оны Қытай Халық Республикасымен жүргізілген келісімдердің нәтижесінде жеткізіп отыр.
Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қазақстанға келген жаңа вакцина барлық екпе салу пункттерінде қолжетімді болады. Министрлік CoronaVac-ты мақұлдады. Енді қазақстандықтар QazVac, "Спутник V" пен Hayat-Vax-қа қоса коронавирусқа қарсы тағы бір екпені салдыртуға мүмкіндік алады.
Айта кетейік, бүгінде әлем бойынша "CoronaVac" препаратын кеңінен қолданады. Бұл – инактивті вакцина. Құрамында SARS-CoV-2 белсенді антигені бар. Бір доза - 0,5 мл. Вакцинаны араға 14-28 күн салып, екі рет салады. Сақтау температурасы - плюс 2-8 градус. Оны 18 жастан асқан адамдарға егеді.