Денсаулық

Министрлік коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты

© Sputnik / Владислав Воднев Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане
 Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2021
Жазылу
Өткен тәулікте 20-дан астам қазақстандық коронавирус пен пневмониядан көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым - Sputnik. Бір тәулікте COVID-19 және пневмониядан 22 қазақстандық қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оның ішінде коронавирустан 19 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан үш адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 3974-ке жетті. Пневмониядан 3 369 науқас көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Елде эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді – Цой

1 маусымдағы мәлімет бойынша, 26 393 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 9 984 пациент стационарда, 16 409 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы науқастар арасында 629 адамның жағдайы ауыр, 148 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 95 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0