Қоғам

Маусымда ауа райы қандай болады

© Sputnik / Владислав ВодневГүлдер
Гүлдер - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2021
Жазылу
Синоптиктердің айтуынша, республиканың көп бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы нормадан 1 градусқа жоғары, тек елдің батыс бөлігінде климаттық нормаға жақын болады

АЛМАТЫ, 1 маусым – Sputnik. Маусымда елімізде қысқа мерзімді жауын-шашын түсіп, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидромет мамандарының хабарлауынша, маусым – тәуліктегі күндізгі уақыт ең ұзақ ай. Маусымда республика бойынша жазғы ауа райы белгіленеді.

Сондай-ақ маусымда республиканың басым бөлігінде тәуліктегі орташа ауа температурасының 20°С арқылы тұрақты ауысуы байқалады. Бұл құбылыс қиыр оңтүстікте мамырда басталды, ал қиыр солтүстікте шілденің алғашқы он күнінде болады.

"Тәуліктегі орташа ауа температурасының жоғары болуына қарамастан, маусымда көп жылдағы мәліметтерге сәйкес, әлі де 5°C дейін үсік жүруі мүмкін. Үсік маусымның үшінші онкүндігінде солтүстік облыстарда және таулы аймақтарда 10 жылда 1-2 рет байқалуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Консультативтік болжамға сәйкес, 2021 жылдың маусымында Қазақстанның басым бөлігінде жоғары қысымның басым әсерімен және Иран аудандарынан жылы ауа массаларының жылжуымен ауа температурасы көтеріледі. Осылайша, республиканың көп бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы нормадан 1°С жоғары, тек елдің батыс бөлігінде климаттық нормаға жақын болады.

Айдың басында республиканың басым бөлігінде қатты нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Сондай-ақ 15-25 м/с дейін қатты жел, елдің оңтүстік өңірлерінде шаңды дауыл болады.

Температуралық фонға солтүстік циклон әсер етеді, ол алдымен елдің батыс өңірлерінде байқалады, содан кейін шығыс бағытына ауысып, республиканың басқа өңірлерінің де салқындауына әсер етеді. Осыған байланысты елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасының қысқамерзімді төмендеуі болжанған. Түнде термометр бағаны +2, +10°С дейін, күндіз +12, +17°С дейін төмендейді.

Бірінші онкүндіктегі ауа райы болжамы

Айдың бірінші онкүндігінде республиканың батысында ауа температурасы түнде +10, +17° градустан +15, +21°С-қа дейін, күндіз +20, +25°С-тан +25, +32°С-қа дейін ауытқуы мүмкін.

"Еліміздің оңтүстік аймақтарында ауа температурасының негізгі фондық температурасы түнде +15, +25 °С, күндіз +30, + 40°С, тау бөктері мен таулы аудандарда түнде +10, +15°С, күндіз +25, +30° С болады", - дейді синоптиктер.

Бір ай ішінде елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жылу толқыны кезінде күндізгі ауа температурасы +30, +38°С-қа дейін, жекелеген аудандарда +42°С-қа дейін; елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +35, +43°С-қа дейін, жекелеген аудандарда +45°С-қа дейін көтеріледі.

Жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде нормаға жуық, республиканың оңтүстік-батысында және орталық бөлігінде нормадан аз болуы мүмкін.

Айта кетейік, норма бойынша республиканың басым бөлігінде 25-49 мм, елдің оңтүстік-батыс жартысында 4-24 мм, Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығысының тау бөктері мен таулы аудандарында 53-99 мм.

Жаңалықтар
0