Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Халықаралық балаларды қорғау күні: бейқам балалық шақтың жарқын бояуы – фото

Жазылу
Жаздың алғашқы күні балалар мен ата-аналар үшін ерекше мәні бар мереке тойланады. Бұл күні тіпті әрбір ересек адам да балалық шаққа саяхат жасап қайтады

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күні балаларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, кімді, не үшін және неден қорғайтынымыз жайлы ойланатын күн.

Балалардың ішкі жан дүниесін қалыптастыруда ересектердің атқарар рөлі үлкен. Сол сияқты балалар мейірімділік пен бейбіт әлемде өмір сүруіне жауапты да осы ересектер. Себебі тыныш әлемде ғана бала өзін-өзі дамытып, бақытты әрі қамсыз балалық шақтың арқасында адамгершілік секілді ұстанымдарды жоғары қоятын азамат болып өсе алады.

Оқи отырыңыз: Чебурашкадан Нэчжаға дейін: демалыста көретін үздік мультфильмдер жинағы – фото

Балалардың денсаулығы мен өмірі, болашағы мен қауіпсіздігі үшін де ересектер жауапты. Олар бізден, ересек адамдардан үліг алады, бізбен теңеседі.
Бұл мереке балаларға арналған. Ал біз сол балалардың бір бөлшегіміз.

Балаларды қорғау күні құтты болсын!

© Sputnik / Владислав ВодневЖаздың алғашқы күні дәстүрлі түрде балаларды қорғау күнін атап өтеміз.
Ребенок радуется возможности играть с фонтаном - Sputnik Қазақстан
1/12
Жаздың алғашқы күні дәстүрлі түрде балаларды қорғау күнін атап өтеміз.
© Sputnik / Тимур БатыршинБұл күні балаларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, кімді, не үшін және неден қорғайтынымыз жайлы ойланатын күн.
Художник наносит аквагрим - Sputnik Қазақстан
2/12
Бұл күні балаларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, кімді, не үшін және неден қорғайтынымыз жайлы ойланатын күн.
© AP Photo / Andrew MedichiniКоронавирус пандемиясы ғаламшардың барлық тұрғыны үшін күтпеген жағдай болды. Бұл пандемиядан балалар қалай зардап шекті және екі жылға жуық оқшаулану шарасының олардың психологиясына әсері әлі-ақ белгілі болады.
Медик в защитном костюме с элементами новогоднего костюма берет пробу для ПЦР-теста у девочки  - Sputnik Қазақстан
3/12
Коронавирус пандемиясы ғаламшардың барлық тұрғыны үшін күтпеген жағдай болды. Бұл пандемиядан балалар қалай зардап шекті және екі жылға жуық оқшаулану шарасының олардың психологиясына әсері әлі-ақ белгілі болады.
© AP Photo / AFADИзмирдегі жойқын жер сілкінісінен кейін құтқарушылар Айда Гезгин есімді қызды ғимарат қирандыларының астынан алып шығып жатыр.
Турецкие спасатели вытаскивают ребенка из под обломков после землетрясения в Измире - Sputnik Қазақстан
4/12
Измирдегі жойқын жер сілкінісінен кейін құтқарушылар Айда Гезгин есімді қызды ғимарат қирандыларының астынан алып шығып жатыр.
© Sputnik / Абзал КалиевОқушы қысқы демалысын мұзды қалашықта өткізіп жатыр. Пандемияға қарамастан, Нұр-Сұлтандағы балалар қыс қызығынан бас тартқан жоқ.
Зимние развлечения в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
5/12
Оқушы қысқы демалысын мұзды қалашықта өткізіп жатыр. Пандемияға қарамастан, Нұр-Сұлтандағы балалар қыс қызығынан бас тартқан жоқ.
© Sputnik / Сергей Пивоваров / Медиабанкке өтуКэрол Феннер қызы Лунамен бірге бетінде "Бэтмен" дағы бар бүлдіршінді емдеуге арналған баспасөз конференциясына қатысуда.
Кэрол Феннер с дочкой Луной - Sputnik Қазақстан
6/12
Кэрол Феннер қызы Лунамен бірге бетінде "Бэтмен" дағы бар бүлдіршінді емдеуге арналған баспасөз конференциясына қатысуда.
© Sputnik / Владислав ВодневӘйтсе де барлық бала жалаң аяқ су кешіп, фонтанға шомылуға болатын жаз мезгілін қатты ұнататыны белгілі.
Ребенок купается в фонтане - Sputnik Қазақстан
7/12
Әйтсе де барлық бала жалаң аяқ су кешіп, фонтанға шомылуға болатын жаз мезгілін қатты ұнататыны белгілі.
© Photo : пресс-служба акимата Атырауской областиАта-ана мен дәрігер үшін ең үлкен қуаныш – дені сау баланың дүниеге келуі. Суретте: Атырауда инфекция жұқтырған әйел дені сау бала босанды.
Новорожденный малыш в больнице Атырау в первые минуты жизни - Sputnik Қазақстан
8/12
Ата-ана мен дәрігер үшін ең үлкен қуаныш – дені сау баланың дүниеге келуі. Суретте: Атырауда инфекция жұқтырған әйел дені сау бала босанды.
© AP Photo / Niranjan ShresthaПандемия кезінде қашықтан оқу және міндетті түрде бетперде тағып жүру балалар үшін қалыпты жағдайға айналды. Енді балалардың бетпе-бет кездесіп, әңгімелесудің не екенін ұмытып қалуына жол бермеу керек.
Ребенок в защитной маске - Sputnik Қазақстан
9/12
Пандемия кезінде қашықтан оқу және міндетті түрде бетперде тағып жүру балалар үшін қалыпты жағдайға айналды. Енді балалардың бетпе-бет кездесіп, әңгімелесудің не екенін ұмытып қалуына жол бермеу керек.
© Photo : Официальный сайт Министерства обороны РКСонымен қатар балалардың патриотизм, Отанға деген махаббат, үлкендерді сыйлау, салт-дәстүрді дәріптеу секілді құндылықтарды бойына сіңіріп өсуі маңызды.
Юный патриот Казахстана - Sputnik Қазақстан
10/12
Сонымен қатар балалардың патриотизм, Отанға деген махаббат, үлкендерді сыйлау, салт-дәстүрді дәріптеу секілді құндылықтарды бойына сіңіріп өсуі маңызды.
© Sputnik / Владислав ВодневСондай-ақ балалар салауатты өмір салтын қалыптастыратын жақсы әдеттерге мойын бұрып, спортты сүйіп және тек жақсыға ұмтылуын да қадағалау керек.
Матч сборных Казахстана и Беларуси на чемпионате мира по хоккею первого дивизиона - Sputnik Қазақстан
11/12
Сондай-ақ балалар салауатты өмір салтын қалыптастыратын жақсы әдеттерге мойын бұрып, спортты сүйіп және тек жақсыға ұмтылуын да қадағалау керек.
© Sputnik / Ксения ВоронинаАлайда ең бастысы – балаларымыз бақытты әрі мейірімді болып өссін!
Эти зверюшки не такие компанейские, как собаки, но ребенку с ними интересно - Sputnik Қазақстан
12/12
Алайда ең бастысы – балаларымыз бақытты әрі мейірімді болып өссін!
Жаңалықтар
0