Өңірлер

Ақмола облысында өзен жағасынан екі әйелдің денесі табылды

CC0 / Наталья Коллегова / Өзен, архивтегі сурет
Өзен, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2021
Жазылу
Екі әйелдің мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Ақмола облысында Шағалалы өзенінің жағасынан екі әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.

29 мамырда Көкшетау полициясына теміржол саяжайы аумағында екі әйел Шағалалы өзеніне қарай кетіп, қайтып оралмағаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына жеткен полицейлер саяжайдан шығысқа қарай 10-15 метрде орналасқан Шағалалы өзенінің жағасынан екі әйелдің мәйітін тапты. Олар Ақмола облысының 39 және 42 жастағы тұрғындары.

"Алдын ала сараптама жүргізу кезінде олардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Сайран көлінен ер адамның мәйіті табылды

Бұл факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.

Марқұмдардың денесі өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0