Әлем

АҚШ шетелдегі өз әскери базаларына алаңдаулы

© Sputnik / Vladimir Astapkovich / Медиабанкке өтуӘскери ұшақ
Әскери ұшақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2021
Жазылу
Әскери базаларды қарсыластың шабуылынан сенімді түрде қорғау үшін озық технологияларды қолдана отырып, зымыранға қарсы көпқабатты қорғаныс тұжырымдамасын әзірлеу және жүзеге асыру қажет

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Стратегиялық және бюджеттік бағалау орталығының (Center for Strategic and Budgetary Assessments, CSBA) аналитиктері шетелдегі әскери базалар шабуылдарға қарсы қорғансыз екенін мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.

Америкалықтарда 800-ден астам әскери база бар. Олардың басым бөлігі 1945 жылдан кейін қауіпсіз және бекінісі жоғары деп саналды. Пентагон негізгі қауіп ретінде баллистикалық және қанатты зымырандардың шектеулі соққыларын қарастыруды әдетке айналдырған.

ТМД елдерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2020
Видео
ТМД елдері әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің дайындығын тексерді – видео
"Ресейдің шетелдік базаларындағы қорғаныс жүйесі зымырандар немесе ұшқышсыз ұшу аппараттарының көп санына төтеп бере алмайды. Бүгінде біз көбіне қырғи-қабақ соғыс кезінде құрылған әуедегі және кемеге қарсы шабуыл кешендеріне сүйенеміз. Ал қазір әлем елдерінде бұл кешендер жетілдірілген техникамен модернизацияланып жатыр", – деп жазылған стратегиялық және бюджеттік бағалау орталығының баяндамасында.

Аналитиктер ҚХР басқаруында шағын қашықтыққа арналған 1 200 баллистикалық зымыран мен Оңтүстік-қытай теңізіндегі екінші аралық тізбекке жете алатын 200-300 оқ-дәрі бар екенін айтты.

Сонымен қатар Бейжіңде ұшу ұзақтығы кемінде 1 500 километрді құрайтын мыңдаған қанатты зымырандар бар. Сонымен қатар америкалықтар қытайлардың стратегиялық бомбалаушылар флотынан да қауіптеніп отыр.

АҚШ-тың әскери базаларының қорғанысы Patriot зениттік-зымыран кешендері мен THAAD зымыранға қарсы жүйелеріне негізделген. Жақын аймақтар үшін – норвегиялық NASAMS ЗЗК мен Phalanx артиллериялық кешендері бар.

Әйтсе де, бұл кешендерге қатысты бірқатар күмән бар. Себебі экспортқа шығарылатын "Патриоттар" Сауд Арабиясында йемендік хуситтердің ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы төтеп бере алмады. Бұл жағдай бір емес, бірнеше рет қайталанды. Сонымен қатар америкалықтар 2020 жылдың қаңтарында Иранның Ирактағы әскери базаларға жасаған соққыларына тойтарыс бере алмады.

Сондықтан әскери базаларды қарсыластың шабуылынан сенімді түрде қорғау үшін озық технологияларды қолдана отырып, зымыранға қарсы көпқабатты қорғаныс тұжырымдамасын әзірлеу және жүзеге асыру қажет. Бір желіге біріктірілген ондаған ұшқышсыз ұшу аппараты қанатты зымырандардың ықтимал бағыттарында дербес түрде ұшып жүреді және баллистикалық нысандарды бақылап, мәліметтерді басқа платформаларға жолдайды.

Қорғаныстың келесі шебі – жойғыш ұшақтар мен дрондар. Олар траекторияның үдемелі учаскелерінде баллистикалық нысандарға тосқауыл болып, базаға алыс аймақта қанатты зымырандардың көзін жояды. Дрондардың бірқатары қатты отынды лазерлермен жабдықталады. Олар ұшу аппараттары мен оқ-дәрілерді тікелей көріну жағдайында қағып түсіре алады.

Момент ракетного удара по сектору Газа попал на видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2021
Видео
Газа секторына зымыран шабуылынан ғимараттар құлап, адамдар өліп жатыр – видео
2022 жылға қарай Пентагон жерге орналастыруға арналған 300 киловатты лазерді алады. Ол қанатты зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының көзін жоя алатындай қуатты болады. Оның үстіне бұл қондырғы экономикалық тұрғыдан алғанда ЗЗК-ден әлдеқайда тиімді. Егер Patriot кешенінің зениттік зымыранының құны шамамен бес миллион доллар болса, бір лазерлік оқ-дәрінің бағасы шамамен 100 доллар.

2024 жылға қарай АҚШ әскері қуатты электр магнитті импульс тудыратын THOR (Tactical High Power Operational Responder) микротолқынды зеңбіректерін алады. Бұл қару шағын дрондар мен қанатты зымырандардың күрделі электроникасын істен шығарып, оларға қарсы тиімді күресуге мүмкіндік береді.

Қорғаныстың соңғы шебі – M109 артиллериялық қондырғылары. Олар үшін перспективалы HVP (Hyper-Velocity Projectile) гипердыбысты снарядтары әзірленіп жатыр. Бұл әмбебап қаруды зымырандардың алдында металл сынықтарының тығыз бұлттар үзу арқылы әуедегі нысандарға қарсы қолдануға болады.

АҚШ-тың лазерлік қондырғы мен микротолқынды қаруға басымдық беруі түсінікті. Бірақ бұл техниканың барлығы қазір әзірлеу сатысында тұр. Сондықтан олардың алғашқы үлгілері қашан дайын болатыны белгісіз.

Жаңалықтар
0