Қоғам

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 22 адам қайтыс болды

© REUTERS / CALLAGHAN O'HAREМедик в защитном костюме накрывает тело погибшего от коронавируса пациента
Медик в защитном костюме накрывает тело погибшего от коронавируса пациента  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2021
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, 20 адам коронавирустан және 2 адам Covid-19 белгілері бар пневмониядан көз жұмды

АЛМАТЫ, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 22 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оның ішінде коронавирустан 20 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан екі адам қайтыс болды.

31 мамырдағы мәлімет бойынша, 27 180 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 10 908 пациент стационарда, 16 272 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны төмендеп жатыр

Жалпы науқастар арасында 668 адамның жағдайы ауыр, 152 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 97 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар бір күнде 1 405 адам коронавирус жұқтырды, 27 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы 386 549 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, 3 955 адам қайтыс болды. 55 252 адам пневмонияға шалдықты, 3 366 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0