Қоғам

Қазақстанда 749 мыңнан аса адам атаулы әлеуметтік көмек алды

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, архивтегі сурет
Ақша, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2021
Жазылу
Биыл тұрмысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеуге бюджеттен 122,8 миллиард теңге бөлініп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда жыл басынан бері 152,3 мың отбасына, барлығы 749,8 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 122,8 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

570,5 мың қазақстандыққа 1 мамырға атаулы әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалды.

Айта кетсек, АӘК жан басына шаққанда орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен аспайтын азаматтарға тағайындалады.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алғандардың басы дауға қалды

Бұдан басқа, барлық өңірде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балалары кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етіледі.

1 мамырда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 181,8 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы берілді.

Жаңалықтар
0