Өңірлер

Тұрғын үйге кіріп кеткен жыландар шымкенттіктердің үрейін ұшырды

CC0 / / Змея, иллюстративное фото
Змея, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2021
Жазылу
Оңтүстік Қазақстан тұрғындарына жыландардың жұптасу маусымындағы қаупі туралы ескертілді

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр - Sputnik. Шымкентте жыландар тұрғын үйге кіріп кеткен, деп хабарлайды Отырар порталы.

Қорыққан тұрғындар құтқарушыларды шақырды. Олар бауырымен жорғалаушыларды ұстап, қауіпсіз жерге жіберді.

Әдетте жыландардың жұптасу маусымы сәуір айының ортасынан басталады. Осы уақытта олар адамға шабуыл жасауы мүмкін.

Жылан шақса не істеу керек

Үйдің аумағына жыланның кіріп кетуіне жол бермеу үшін оны қоқыстардан және артық өсімдіктерден тазартып, іргетастың жарықтарын толтыру қажет. Егер жылан көрсеңіз, "112" телефон нөмірі арқылы құтқарушыларды шақырған дұрыс.

Жыланды көрген жағдайда бір-екі метр алшақтаңыз. Өйткені жылан қауіп сезінген кезде, адамға тап беруі мүмкін.   

Оқи отырыңыз: Адам өміріне аса қауіпті: кене шаққанда не істеу керек?

Егер жылан шақса, бірінші кезекте дәрігер шақыру керек. Мүмкін болса, гистаминге қарсы дәрі қабылдап, мүмкіндігінше көп су ішкен абзал. Жедел жәрдем дәрігерлері келгенге дейін жатып, аз қозғалған жөн.

Жаңалықтар
0