Спорт

Тоқаев боксшы қыздардың жеңісі туралы: тамаша тарту

© Photo : Казахстанская федерация боксаБокстан Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшы
Бокстан Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшы - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2021
Жазылу
Бокстан қыздар құрамасы дүбірлі додада Қазақстан қоржынына он жүлде, соның ішінде сегіз алтын салды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өткен Азия чемпионатында жеңіске жеткен боксшы қыздарды құттықтады.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желіде жазды.

"Құрлықтың ең мықты спортшылары жиналған байрақты бәйгеде Қазақстанның қыздар құрамасы ел мерейін асқақтатты. Олар қоржынымызға 10 жүлде, соның ішінде 8 алтын медаль салды. Осы тарихи жеңістеріңізді Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына жасалған тамаша тарту деп санаймын", – делінген құттықтауда. 

Тоқаев боксшы қыздар алдағы сайыстарда да биік тұғырдан көріне беретініне сенім артып, оларға толағай табыс тіледі.

Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатында медаль саны бойынша алға шықты.

Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Римма Волосенко, Милан Сафронова, Валентина Хальзова, Фариза Шолтай және Ләззат Күнгейбаева алтын медаль жеңіп алды. Ал Владислава Кухта күміс медаль, Марина Вольнова қола медаль иеленді.

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев жеңімпаздар мен жүлдегерлер елге оралған соң сыйақы алатынын айтты. Азия чемпиондары 10 мың, күміс жүлдегерлер 5 мың, қола жүлдегерлер 2,5 мың доллардан алады.

Жаңалықтар
0