Өңірлер

Павлодар тұрғындары әп-сәтте әбігерге түсті – видео

© Sputnik / Тимур БатыршинПолиция көлігі
Полиция көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2021
Жазылу
Елді осылайша дүрліктірудің астарында тіл оқыту бойынша ертең өтетін мемлекеттік емтиханмен тікелей байланысты болуы мүмкін деп болжануда

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Павлодар облыстық полиция департаментіне қаладағы 10 мектеп пен 1 колледжге жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

Қаладағы оқу орындарына қойылған жарылғыш зат туралы хабар 31 мамырда 17.08-де полицияның электронды поштасына түскен.

"Аталған оқу орнындағы барлық адамдар эвакуацияланды. Тіпті, мектептердің іргелес аумағы да қоршауға алынды. Жедел-тергеу тобының мамандары сол жерлерде жұмыс істеп жатыр", – дейді Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы ("терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, бұл бап бойынша кінәлілерге 5 мың АЕК-ке дейінгі айыппұл (14,6 млн теңге) төлеу немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Елді осылай дүрліктірудің астарында тіл оқыту бойынша ертең өтетін мемлекеттік емтиханмен тікелей байланысты болуы мүмкін деп болжануда.

Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстанда бүлдіршін қыздың оқиғасы бүкіл ауылды дүрліктірді

Бір қызығы мұндай жағдай бұған дейін де, соңғы қоңырау қарсаңында (24 мамырда) Нұр-Сұлтан қаласында болған. Ол кезде белгісіз біреулер осындай пошталық тізімді Нұр-Сұлтан мектептеріне жіберген. Сол мезетте-ақ білім ордасындағы барлық адамдар эвакуацияланғанымен, жарылғыш заттар табылмаған.

Жаңалықтар
0