Денсаулық

Қазақстанда қанша өңір "қызыл" аймақта тұр

© Sputnik / Абзал КалиевДевушки в масках прогуливаются по улицам Нур-Султана после снятия режима ЧП
Девушки в масках прогуливаются по улицам Нур-Султана после снятия режима ЧП - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2021
Жазылу
31 мамырдағы жағдай бойынша, еліміздің төрт өңірі "қызыл" аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Коронавирустың таралуы бойынша Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы "қызыл" аймақта төрт өңірдің тұрғанын көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

31 мамырдағы жағдай бойынша, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары тұр.

"Сары" аймақта Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 22 адам қайтыс болды

"Жасыл" аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары тұр.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1405 адамнан коронавирус табылды. Ең көп науқас Қарағанды облысында (323) тіркелді. Одан кейін Алматы (230), Нұр-Сұлтан (172) қалаларында тіркелді.

Жаңалықтар
0