НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында 49 жастағы жүргізуші көлігімен бірге Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Төтенше жағдай 30 мамыр түсте Ақжайық ауданы Есенсай ауылының маңында болды.
ВАЗ-2121 маркалы автокөлік тежегіші істен шығып, суға батты. Көлік ішінде 49 жастағы жүргізуші отырған.
"Сағат 19.14-те жұмыстар аяқталды. Ер адамның мәйіті мен автокөлік судан шығарылып, полицияға тапсырылды. Оқиға орнында ТЖ департаментінің төрт қызметкері жұмыс істеді", - деді БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Соңғы қоңырау қайғылы оқиғамен аяқталды: Қазақстанда екі түлек көз жұмды
Дәл сол күні Бәйтерек ауданы Переметное кентінде де қайғылы оқиға болды. Деркөл өзенінде 24 жастағы жігіт рұқсат етілмеген жерде шомылып жүріп суға батып кетті.
Құтқарушылар оның денесін кешкі сағат жетіде тапты.