НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен туристерді бес күн бойы іздеп жатыр.
Құтқару топтары алты мобильді топқа бөлінді, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Олар атырапты, оның ішінде Өгем тау өзенінің жағалауын қарап жатыр. Дәл сол жерде бұған дейін екі мәйіт табылған болатын.
Полиция құтқару топтары тауда түнеп жүргенін айтты. Осы сағатқа дейін олар мемлекеттік ұлттық парктің аумағында шамамен 40 мың гектар жерді шолып шықты. Тікұшақ бүкіл Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркін айналып ұшты, бұл шамамен 149 мың гектар.
25 мамырда кешке Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жеті турист жоғалып кеткені туралы белгілі болды. Топ 21 мамырда "Сары-Айғыр" шатқалына аттанып, 24 мамырда үйге оралуды жоспарлаған.
Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Үш адам аман-есен отбасымен қауышты. Кейінірек екі туристің мәйіті табылды.