Өңірлер

Шарындағы трагедия: тірі қалған қыздың туыстары оның дауысын естігенде жылап жіберді

© Photo : ДЧС Алматинской областиСпасение девочки в Чарыне после схода селя
Спасение девочки в Чарыне после схода селя - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2021
Жазылу
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі құтқару операциясының видеосын жариялады. Бала тікұшақпен эвакуацияланды

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шарын шатқалындағы селден аман қалған оқушы қыз жағаға қалай шыққанын айтып берді.

Қыздың айтуынша, ол сыныптастарымен бірге пана жерде жауынның басылғанын күткен.

"Содан кейін бұршақ басталып, су жинала бастады. Біз тастан ұстап тұрдық. Бір кезде мен тасты жібере салдым. Көзімді ашпадым. Содан кейін жағаға жетіп, жартасқа шығып отырдым", - деді ол.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі құтқару операциясының видеосын жариялады. Бала тікұшақпен эвакуацияланды. Жоғалған қыздың анасы рация арқылы қызының дауысын естіді.

© Photo : ДЧС Алматинской областиШарындағы селден кейін қызды құтқару операциясы
Шарындағы трагедия: тірі қалған қыздың туыстары оның дауысын естігенде жылап жіберді - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2021
Шарындағы селден кейін қызды құтқару операциясы

"Жаным, қалайсың, алтыным?", - деп сұрады ол.

"Жағдайым жақсы, анашым", - деді оқушы қыздың анасы. Осы кезде қыздың туыстары қуаныштан көз жасына ерік берді.

Жәбірленушінің отбасы баланы құтқаруға көмектескендерге алғыс білдірді.

"Барлығы бізге үміт жоқ екенін айтты, өйткені алдымен оның аяқ киімін тапты. Құдайға шүкір, бәрі ойдағыдай болды. Төтенше жағдайлар министрлігіне рахмет", - деді қыздың әкесі.

"Қыз бастапқыда тастан ұстап тұрған. Көп су келгенде оны ағызып әкеткен. Ол лай суда малтыған. Көзін, аузын жауып алған. Суда жай қалықтап жатқан. Аяғын ұрып алыпты – алдын ала мәлімет бойынша еш жері сынбаған. Кейін бір тастан ұстап үлгерген, үш шақырымдай қалқыған, содан кейін жағаға шыққан. Содан соң тауға шықпақ болған, алайда тау биік, тіпті ересек адам да шыға алмайды. Ол бір рет құлап түскенін айтты. Сол жерде күткен. Ал кешке қарай ұйықтап кеткен, таңертең ол табылды", - деді Sputnik Қазақстанға Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілі.

Оның айтуынша, таңертең қызметкерлердің бірі қызды байқаған, құтқарушылар таудан арқанмен түсіп, баланы тікұшақпен қауіпсіз жерге жеткізген.

Шарын шатқалындағы трагедия: мұғалім мен оқушы көз жұмды 

Естеріңізге сала кетейік, қыз жексенбіде Шарын өзенінің бойынан табылды, оны 29 мамырда Шарын шатқалының төменгі бөлігінен сел ағызып әкетті.  

Бұған дейін Алматыдағы №199 гимназиясының бір топ оқушысы Шарынға экскурсияға барғаны белгілі болды.

Алматы қаласының білім басқармасы турды "жеке адамдар" ұйымдастырғанын, экскурсия мектептің негізгі қызметімен байланысты емес екенін хабарлады.

Сел салдарынан оқушы мен мұғалім көз жұмды. Олардың отбасына қажетті көмек, соның ішінде материалдық көмек көрсетіледі.

Желіде қайтыс болған мұғалімнің оқушы қызды құтқарғысы келгені туралы ақпарат пайда болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтар
0