Видео

Шарын шатқалында жоғалып кеткен оқушыны құтқару сәтінің видеосы жарияланды

Жазылу
Қазақстанның ТЖ министрлігі Шарын шатқалында селден кейін жоғалып кеткен қызды құтқару сәтінің видеосын жариялады

Сенбі, 29 мамырда Шарында сел жүріп, салдарынан бір адамның із-түзсіз кеткені хабарланды. Анықталғандай, бір топ оқушы шатқалға экскурсияға шыққан. Жоғалып кеткен – 11 жастағы оқушы қыз, ол жексенбі, 30 мамырда табылды.

Бастапқыда қыз жеңіл жарақат алғаны хабарланды. Кейінірек дәрігерлер Ұйғыр аудандық орталық ауруханасының хирургиялық бөліміне жатқызылған 2010 жылғы пациент туралы ақпарат берді.

Тағы оқыңыз: Жансақтауда жатыр: дәрігерлер селден зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Сел салдарынан барлығы алты адам зардап шекті. Екеуі амбулаторлық емге жіберілсе, қалғандары ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Табиғи апаттан екі адам – мұғалім мен оқушы көз жұмды.

Ата-аналар мен мұғалімдерді жазғы демалыс кезінде барынша абай болуға шақырады.

Жаңалықтар
0