Видео

Сал ауруына шалдыққан балаларға арналған жаңа орталықтар қалай жұмыс істейді – видео

Жазылу
"Қамқорлық" оңалту орталықтары Қазақстанның жеті қаласында ашылған. Онда күндізгі және тәулік бойғы стационарлар базасында ерекше балалар ем қабылдайды

2020 жылдың желтоқсанында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қоры және Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бастамасымен жеті оңалту орталығы және бір ерте араласу орталығы өз есігін ашты.

Бүгінде "Қамқорлық" орталықтары Нұр-Сұлтанда, Өскеменде, Таразда, Рудныйда, Оралда, Атырау мен Шымкентте жұмыс істейді. Ал ерте араласу орталығы Алматы облысында орналасқан.

Жыл сайын ДЦП-ға және басқа да нейродегенеративті ауруларға шалдыққан 5 мыңға жуық бала "Қамқорлық" орталығында кешенді емді тегін ала алады. Бұл туралы "Қамқорлық қоры" корпоративті қорының директоры Арайлым Еркінова айтты.

"Қамқорлық" орталықтарында емделу курсы 21 күнге созылады.

Орталықтардың жұмысы жайлы толығырақ Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз.

Жаңалықтар
0