Қоғам

Қазақстандық 500 түлектің ҰБТ нәтижесі жойылды

© Sputnik / Владислав ВодневТест тапсыру орталығы
Тест тапсыру орталығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2021
Жазылу
Бүгінге дейін республика бойынша 85 000 талапкер тест тапсырып, оның ішінде 500-інің нәтижесі жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстандық 500 түлектің ҰБТ нәтижесі жойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазба жариялады. 

"Достар, тест тапсырмаларын немесе олардың үзіндісін аудиториядан шығару – ереже бұзушылық болып табылады. Сондықтан ҰБТ нәтижесі жойылады. Осы күнге дейін 85 000 тестіленушінің ішінен 500-інің нәтижесі жойылды және тест тапсырмаларын шығарып, таратудың да еш мәні жоқ - тест базасы күнде жаңартылады. Күнде жаңа сұрақтардың құпиялылығы шешіліп, бағдарламаға кіргізіледі. Өздеріңізді алдамаңыздар", – деп жазды ол.

Айта кетейік, биыл түлектердің ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі бар. Олар ең жақсы нәтижесі бар сертификатпен мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады.

Оқи отырыңыз: ҰБТ-2021: не білу керек?

Жаңалықтар
0