НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Ақтау халықаралық әуежайы 4 маусымнан бастап Ashyq жүйесін сынақтан өткізуді бастайды, деп хабарлайды жергілікті "Лада" басылымы.
Ақтау халықаралық әуежайы 7 маусымнан бастап Ashyq жүйесіне ресми түрде қосылады. Бұл туралы Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Аққу Айтжан қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтты.
7 маусымнан бастап Ақтау әуежайы Ashyq жүйесіне ресми түрде енгізілген 258 нысанның біріне айналады.
"22 мамырда бектілген қаулы негізінде Ashyq жүйесі бойынша жұмыс істейтін мекемелер қатарына әуежаймен қатар, лото клубтар қызметі де қосылады", – деді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Аққу Айтжан.
Айта кетейік, Ақтау әуежайында бұл жүйе 4 маусымнан бастап сынақтан өткізіледі. Үш күн бойы ол жердегі мамандар ұялы телефонсыз немесе Ashyq қосымшасы жоқ жолаушылармен жұмыс жүргізу алгоритмін меңгеретін болады.
Оқи отырыңыз: Елорда әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылды – видео