Оқиға

"Пойыздың астынан өткен": Қарағандыда екі жасөспірімді 27 мың вольтты тоқ соқты

© Photo : Скриншот с видео "31 канала"Жылжымалы құрам
Жылжымалы құрам - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2021
Жазылу
Үлкен Михайловка ауданындағы тұрғындардың теміржол жолдан өтетін қауіпсіз өткел салуды сұрап келе жатқанына жарты ғасырдан асқан

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. 14 жастағы екі жасөспірім Қарағандыдағы Үлкен Михайловка станциясындағы теміржолды кесіп өтпек болғанда оларды электр тоғы соқты, деп хабарлайды 31 арна.

Жарақат алған ер балалардың бірі – Дамирге 27 мың вольт электр тоғы тиген. Ол қазір ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Оның кеудесінің жартысын күйік шалып, ішкі органдары зақымданған.

Жарақат алған екінші баланың жағдайы орташа ауыр деңгейде.

"Олар бірінші тұрған пойызды айналып, ал екінші пойызды айналмай, жылжымалы құрамның астынан өткен. Алайда, келеңсіз жағдайдан соң, станция қызметкерлері жер астына тұйықталуы тиіс шашылып жатқан желілерді жинастыруға дереу кіріскен. Олар өздерінің немқұрайлылығын осылай жасырғысы келеді", – дейді Дамирдың әпкесі Бақыт Садырова.

Куәгерлердің айтуынша, бұл алғашқы және соңғы келеңсіз жағдай емес көрінеді. Ал телеарнаның хабарлауынша, Үлкен Михайловка ауданының тұрғындары жарты ғасырдан бері қауіпсіз жол сұрап келеді. Қазіргі кезде станцияда он жол төселген. Оның көпшілігінде үнемі пойыздар тұратындықтан, адамдар күн сайын вагон астынан өтіп, өмірін қатерге тігуге мәжбүр.

Қарағанды ​​қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің хабарлауынша, биыл билік жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуге ақша бөлінген. Яғни, Үлкен Михайловка станциясы аймағында теміржол үстінен өтетін өткел салу жоспарлануда.

"Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы лифт орнату да көзделіп отыр", – дейді бөлімнің сектор меңгерушісі Нұржан Тасмағамбетов.

Оқи отырыңыз: Қате жауап бергені үшін Аршавинді бес рет тоқ соқты

Жоба тамыз айында дайын болады, содан кейін жергілікті шенеуніктер өткел салуға бюджеттік өтінім береді. Ал құрылыс жұмыстары 2022 жылдың басында басталады.

Жаңалықтар
0