НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында шаруа қожалығының аумағында ірі өрт болды.
Өрт 28 мамыр кешке Тасқалы ауданы Мереке ауылдық округінде орналасқан "Мерлан" шаруа қожалығының аумағынан шықты. Салдарынан мал тұратын базаның шатыры отқа оранды.
Жалын 770 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды өңірлік "Мой город" порталы облыстық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.
© Photo : "Мой город"125 тонна шөп пен үш тонна арпа жанып кетті
125 тонна шөп пен үш тонна арпа жанып кетті
© Photo : "Мой город"
125 тонна шөп пен үш тонна арпа жанып кетті. Алдын ала болжам бойынша тілсіз жауға найзағай себеп болған.
Абырой болғанда, адамдар да, мал да аман.
Өртті сөндіруге жергілікті департаменттің жеті қызметкері жұмылдырылды. Өртті сөндіруге сегіз сағат уақыт кетті.