Денсаулық

Дәрігер шемішке шағу неге зиянды екенін айтты

Семечки - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Медицина ғылымдарының кандидаты шемішкенің ағзаға әкелер бір зияны майлылығы дейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. Медицина ғылымдарының кандидаты, Мәскеу мемлекеттік университеті клиникасының эндокринологы Зухра Павлова шемішке шағудың бес зияны туралы айтты. Бұл туралы оның Telegram-дағы парақшасына сілтеме жасай отырып "Известия" хабарлайды.

Шемішкеден бас тартудың бірінші себебі - бұл өнімде май қышқылдары көп болады. Олардың арасында Омега-6 май қышқылы басым. Павлованың айтуынша, Омега-6 ағзадағы қабынуды күшейтеді.

Екінші себеп шемішкенің құнарлылығы. Дәрігер бұл өнім тәбетті қоздырады деп атап өтті. Мұндай тағаммен сіз асқазаныңызды алдай алмайсыз, басқа ас жеуге тура келеді.

Үшінші себеп, қуырылған күнбағыс дәні қартаюдың негізгі факторының бірі – гликирование өнімінің (AGEs) көзі болып табылады. Маманның айтуынша, адам ағзасы күніне шектеулі мөлшерде ғана AGEs өнімінін бейтараптай алады. Сондықтан ол шемішкені неғұрлым дәмді затпен алмастыруға кеңес берді.

Оқи отырыңыз: Дәрігер инсульттің алдын алудың бес жолын атады

Павлова шемішкеде әр түрлі паразиттердің жұмыртқасы болуы мүмкін екенін де айтты. Ол шемішкені шикі түрде сатып алуға кеңес береді. Сатып алған күнбағыс дәндерін жақсылап жуып, содан кейін микротолқынды пешке салып бір кептіріп алған абзал.

Бесінші себеп – шемішке тіс саулығына кері әсер етеді. Дәрігердің айтуынша, стоматологтар шемішке шағатындарды бірден байқайды.

26 сәуірде эндокринолог Татьяна Бочарова шемішке шағу асқазан ауруларын қоздыратынын айтқан болатын.

Жаңалықтар
0