АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Баланың пневмонияға шалдыққаны интоксикация, дене қызуының көтерілуі арқылы байқалады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің бас педиатры Риза Боранбаева мәлімдеді.
Дәрігердің айтуынша, жалпы балалар арасында 0,4% қана коронавирустан кейін вирусты пневмония жұқтырған.
"Егер бала жіті респираторлық вирустық инфекция немесе Covid-19 инфекциясымен ауырған болса, онда 3-5 күн бойы температура көтерілуінің соңы пневмонияға ұласуы мүмкін екенін білдіреді. Ал оған интоксикация, дене қызуының көтерілуі немесе тыныс алу кезінде пайда болатын қандай да бір іркіліс, жөтел секілді симптомдар жатады", – деді Боранбаева.
Айтуынша, коронавирустан кейін пневмонияға шалдыққандардың басым бөлігі жасөспірімдер.
"Балаларда коронавирустан кейін вирусты пневмония өте сирек болады. Алайда жіті респираторлық вирустық инфекциядан кейін пневмония асқынады. Сол себепті оның вирусты немесе бактериалды пневмония екенін бірден ажырату мүмкін емес", – деді маман.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда аутизмге шалдыққан балалар мектепте қалай оқиды – видео
Сондықтан егер баланың дене қызуы көтерілуі 3 күнге созылып, жөтел болса немесе тыныс алу қиындаса, өздігінен емделмей, бірден дәрігерге жүгіну керек.